18 Сентября 2018
Біздің әлемімізді интернеттің жылдам жаулап алғаны соншалықты, қай жағыңа қарамасаң да барлығы смартфондарынан бас алмайды және онда барлығы бар – қарапайым көңіл көтеретін бейнелерден бастап күрделі оқыту семинарларына дейін сонда. Қазіргі уақытта интернет арқылы білімге қол жеткізудің мүмкіншілігі өте зор. Иә, біле білсеңіз бұл өте тамаша!

Былай қарасаңыз, әрбір «ер адам» ас бөлмесіндегі қандай да бір кранды жөндеуді білетін сияқты. Бірақ, әңгіме нақты іске келген кезде, олар жай ғана ютубты қосады да, «ас бөлмесіндегі кранды қалай жөндеуге болады» деген тақырыпты іздей бастайды. Нәтижесінде – күйеуі де жарайды, әйелі де қуанышты! Міне, осылайша бір ғана оқыту бейне көрсетілімі отбасындағы үндестікке өзінің үлесін қоса алады. Ендеше, осы тамаша емес пе?!
Міне, осыдан кейін, біз де ютубтан қбырларды монтаждау туралы қарапайым тәсілмен, бірақ кәсіби түрде түсіндіре алатын жақсы блоггерлерді іздестіре бастадық. Ең бастысы, сол адам өзі осы салада жұмыс істейтін және жалпы нұсқаулықтарда айтыла бермейтін барлық маңызды тетіктерді білетін болуы керек. Осылайша, біздің назарымыз белгілі блоггер, мәнезі қарапайым, тәжірибелі монтаждаушы, оқыту курстарын жүргізетін және 200 астам бейне көрсетілімдері бар, «Евросантехник» ютуб каналының жүргізушісі Евгений Шумаковқа түсті.
Біз оған хабарласқан кезде, оның Жакко бренді туралы білетініне таң қалған жоқпыз, алайда біз оның біздің құбырлармен жұмыс істеп қана көрмей, өзі де пайдаланып, бізсіз де ЖАККОмен жұмыс істеуді ұсынатынына ҚАТТЫ ҚУАНДЫҚ! Осындай лебіздерді тыңдау біз үшін айтып жеткізуге келмейтін қуаныш және осындай сөздерді тағы да есту үшін жанымызды салып жұмыс жасауға күш береді.



Міне, осылайша, осы «Жакко ППРС құбырларын дұрыс дәнекерлеу және монтаждау» бейне көрінісі пайда болды. Осы бейне көрініс арқылы сіздер көптеген жаңалықтар мен маңызды сәттерді білесіздер деп ойлаймын және Жакконы нағыз мамандардың ұсынатынына тағы да бір рет көз жеткізе аласыздар деген үміттеміз!
Рассказать друзьям: